Денис Никиша әлем кубогында жеңімпаз атанды

О Сансызбай Корреспондент
Денис Никиша әлем кубогында жеңімпаз атанды
Фото ©️ inform.kz

Бұл күндері Беларусь елінің астанасы Минскіде шорт-тректен әлем кубогының соңғы кезеңі өтіп жатыр. Бүгін қазақстандық спортшылар жоғары нәтижеге қол жеткізе білді.

БӨЛІСУ

500 метр қашықтықта Денис Никиша жеңімпаз атанды. 21 жастағы отандасымыз өзінің мансабында алғаш рет әлем кубогында жеңіске жетті. Күміс медаль да қазақ спортшысына бұйырды. Мәре сызығын Денистен кейін екінші болып Абзал Әжғалиев кесті.

1000 метрлік қашықтықта бүгін Нұрберген Жұмағазиев екінші қола медалін жеңіп алды. Ол осыған дейін де жүлдегерлер қатарынан көрінген болатын. Сондай-ақ 5000 метрлік эстафеталық сында да Қазақстан шорт-трекшілері финалға шығып, қола жүлдені жеңіп алды.