Қазақстандық шаңғышы Универсиада ойындарындағы бесінші медалін жеңіп алды

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстандық шаңғышы Универсиада ойындарындағы бесінші медалін жеңіп алды
Фото ©️ 24.kz

Қазақстандық шаңғышы Анна Шевченко 15 шақырымдық масс-старт жарысында қола жүлдегер атанып, Универсиада ойындарындағы бесінші жүлдесін жеңіп алды.

БӨЛІСУ

15 шақырымдық масс-старт жарысында ресейлік спортшылар Лилия Васильева мен Анна Нечевская алтын және күміс медальды иеленді. Отандасымыз жарыс жеңімпазынан бар болғаны 7.8 секундқа қалып қойды.

Сондай-ақ алғашқы ондыққа Анна Шевченкодан өзге тағы үш бірдей спортшымыз енді. Ольга Мадрика – бесінші, Ангелика Шурыгина – сегізінші, Марина Матросова оныншы орын алды.

Айта кетейік, осыған дейін Анна Шевченко бір алтын бір күміс екі қола медаль жеңіп алған болатын.