Универсиада – 2017. Қазақстан қоржынына үшінші алтын медаль түсті

О Сансызбай Корреспондент
Универсиада – 2017. Қазақстан қоржынына үшінші алтын медаль түсті
Фото ©️ almaty2017.com

Қазақстандық биатлоншы Галина Вишневская ХХVIII қысқы Универсиада ойындарының жеңімпазы атанды. Отандасымыз 7,5 шақырымдық спринттік сында үздік нәтиже көрсетті.

БӨЛІСУ

Галина Вишневская спринттік жарыста 21:43.1 минут уақыт көрсеткішімен үздік шықты. Күміс медаль украиналық Яна Бондар (22:05.9), қола медальды ресейлік Анастасия Егорова (22:19.8) жеңіп алды. 

Осыған дейін 15 шақырым қашықтықтағы жекелей сында топ жарған отандасымыз Алина Райкова бүгін жүлдегерлер қатарына іліге алмады. Ол 12-орынды қанағат тұтты. Ал Галина Вишневская Алина топ жарған 15 шақырым қашықтықтағы жекелей сында күміс жүлдегер атанған болатын. Бүгін екінші жүлдесін жеңіп алды.

Биатлон. Қыздар. Спринт. 7,5 шақырым

1. Галина Вишневская (Қазақстан) — 21:43.1 (1+0)
2. Яна Бондарь (Украина) — +22.8 (1+1)
3. Анастасия Егорова (Ресей) — +36.7 (1+0)
....................................................................
7. Дарья Усанова (Қазақстан) — +1:06.0 (1+2)
8. Анна Кистанова (Қазақстан) — +1:11.1 (0+2)
12. Алина Райкова (Қазақстан) — +1:31.1 (0+1)
18. Елизавета Бельченко (Қазақстан) — +2:45.3 (2+2)
21. Анастасия Кондратьева (Қазақстан) — +3:05.8 (1+2)

Айта кетейік, Галина Вишневская ұлттық құрама қоржынына үшінші алтын медальды салды. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орынға көтерілді.