Қазақстандық фристайлшы Әлем кубогында жеңімпаз атанды

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстандық фристайлшы Әлем кубогында жеңімпаз атанды
Фото ©️ vesti.kz

Қазақстандық фристайлшы Дмитрий Рейхард Лейк-Плэсиде (АҚШ) өтіп жатқан Әлем кубогында жеңімпаз атанды. Ол могул сынында жеңіс тұғырынан көрінді.

БӨЛІСУ

Қазақстандық спортшы 82,20 ұпай жинады. Екінші орынға 80,73 ұпай жинаған француз Бенджамин Каве ие болды. Үшінші орынды америкалық Брэдли Уилсон (78,08 ұпай) жеңіп алды.

Айта кетейік, Дмитрий Рейхард 2014 жылы Сочиде өткен Олимпиада ойындарына қатысқан. Бесінші орын алған.