«Реал» «Барселонаның» рекордын қайталады (видео)

О Сансызбай Корреспондент
«Реал» «Барселонаның» рекордын қайталады (видео)
Фото ©️ vk.com

Испания ла-лигасының 17-турында «Гранаданы» 5:0 есебімен жеңген мадридтік «Реал Мадрид» қатарынан жеңіліссіз ойындар саны бойынша өткен маусымдағы «Барселонаның» рекордын қайталады. 12 қаңтар күні «Севильядан» жеңілмесе, жаңа рекорд орнататын болады.

БӨЛІСУ

«Корольдік клубтың» бас жаттықтырушысы Зиннедин Зидан каталондық клубтың рекордын жаңартуға ниетті екенін айтқан еді. Бүгін «Гранаданы» жеңгеннен кейін команда «Барселонамен» теңесті. Өткен маусымда каталондық клубтың 39 ойынға созылған жеңіліссіз ойындарын «Реал Мадрид» тоқтатқан еді.

«Гранадаға» қарсы ойында «Реал» сапынан Иско дубль орындаса, Карим Бензема, Криштиану Роналду мен Каземиро бір-бір голдан соқты.