ХОК Ильинді қос бірдей Олимпиада чемпионы атағынан айырды

О Сансызбай Корреспондент
ХОК Ильинді қос бірдей Олимпиада чемпионы атағынан айырды
Фото ©️ vesti.kz

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК)  қазақстандық ауыр атлет Илья Ильинді 2008 жылғы Бейжің, 2012 жылғы Лондон Олимпиадаларындағы чемпиондық атағынан айырды. Бұл туралы ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ресми сайты хабарлады.

БӨЛІСУ

Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті Халықаралық Олимпиадалық комитеті тарапынан ағзасынан тыйым салынған препараттардың ізі табылған 2008 және 2012 жылдардағы Олимпиада ойындарына қатысқан қазақстандық спортшы Илья Ильинге қатысты жаза қолданылғандығы туралы ресми хабарлама алды.

Халықаралық Олимпиадалық комитетінің тәртіптік комиссиясы 2008 жылы Бейжіңде және 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарының жеңімпазы, 94 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық ауыр атлет Илья Ильиннің «А» және «В» допинг сынамаларының қосымша тексеру қорытындысы бойынша қазақстандық спортшыны сол ойындардан шеттетіп, көрсеткен нәтижелерінің күшін жойып, жүлделерін қайтарып алу туралы шешім шығарды.

Спортшыға қолданылатын жазаның мерзімін Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) анықтайды.