Мейірім Нұрсұлтанов кәсіпқой бокстағы мансабын жеңіспен бастады

О Сансызбай Корреспондент
Мейірім Нұрсұлтанов кәсіпқой бокстағы мансабын жеңіспен бастады
Фото ©️ vk.com

Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов кәсіпқой боктсағы мансабын жеңіспен бастады. Отандасымыз Андре Уорд пен Сергей Ковалев жекпе-жегінің андеркартында америкалық Генри Бэкфордты ұтты.

БӨЛІСУ

6 раундқа жоспарланған жекпе-жек соңына дейін өтіп, жеңімпаз төрешілер шешімімен анықталды. Ширақ шабуыл мен қарсыласынан дәл соққыларымен ерекшеленген Мейірім Нұрсұлтанов айқын басымдығын танытты.

Мейірім осыған дейін америкалық өзге бір боксшы Монреко Голдстонмен жұдырықтасуы тиіс болған еді. Кейіннен қарсыласы өзгеріп, Генри Бэкфордпен кездесетін болды. Генри осыған дейін қазақстандық Дәурен Елеусіновпен де жұдырықтасқан. Ол жекпе-жекте Дәурен төрешілер шешімі бойынша жеңіске жеткен еді.

Айта кетейік, «Astana Arlans» клубы сапында 2013 жылдан бері жұдырықтасып келе жатқан Мейірім өзін сан қырынан танытты. Талай қауқарлы қарсыластарын қапы қалдырып, командасына маңызды ұпай сыйлады.

Мейірім Нұрсұлтанов – еңбекқор, намысқой боксшы. Оны осыған дейінгі жекпе-жектерінен-ақ көріп, байқап жүрміз. Бүгінде Мейірім қазақстандық кәсіпқой боксшылар Мадияр Әшкеев және Асxат Уәлиxановпен бірге "Main Event" промоутерлігінде жаттығып жүр.