Илья Ильин қайта студент атанды

О Сансызбай Корреспондент
Илья Ильин қайта студент атанды
Фото ©️ google.kz

Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин Алматы менеджмент ууниверситетінің студенті атанды. Бұл туралы спортшы «instagram» желісіндегі парақшасында жазды.

БӨЛІСУ

- Бәріңе қайырлы күн, достар! Барша студенттерді Студент күнімен құттықтаймын! Осы сәтті пайдалана отырып, мен қайтадан Студент болғанымды айтқы келеді! #ALMA @almau_edu университетінде #MBA мамандығы бойынша білім аламын, мені құттықтап қойыңыздар, - деп хабарлады Илья Ильин өз парақшасында. 

2016 жылдың 4 қарашасында Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Илья Ильин ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы жетекшісінің кеңесшісі қызметіне тағайындалған еді.

Айта кетейік, Илья Ильин өткен жылы Қазақ спорт және туризм академиясының докторантурасын бітірген еді.