«ПСЖ» Шымкентте «Биік-Қазығұрттан» басым түсті

О Сансызбай Корреспондент
«ПСЖ» Шымкентте «Биік-Қазығұрттан» басым түсті
Фото ©️ sportsffa.kz

Футболдан әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасының 1/8 финалына шыққан Шымкенттің «БИІК-Қазығұрт» командасы өз алаңында Францияның «Пари-Сен-Жермен» клубынан ұтылды. Ойында қонақтар 3:0 есебімен басым түсті.

БӨЛІСУ

«ПСЖ» - Еуропадағы ең үздік командалардың бірі. Өткен маусымда Чемпиондар лигасының жартылай финалына шыққан. Ал 2014 жылы финалда жеңілген тәжірибелі командалардың бірі. Шымкентте өткен ойында да париждік команда айқын фаворит екенін байқата білді.

Француз командасы ойынның 17-минутында есеп ашты. Содан соң бірінші тайм аяқталуға айналғанда таблодағы нәтижені еселей түсті. Екінші таймның басында үшінші рет алаң иелерін қапы қалдырды.

Қос команда арасындағы қарымта 17 қараша күні Парижде өтеді.

«БИІК-Қазығұрт» (Қазақстан) – «Пари Сен-Жермен» (Франция) – 0:3

Голдар: Вероника Бокете, 17. Паредес, 45+1. Паредес, 59.

«БИІК-Қазығұрт»: Железняк, Мясникова, Нганди, Машкова, Кравец, Эшер, Бабшук (Красюкова, 86), Роузборо, Мессомо (Бортникова, 89), Адуле, Габелия.

ПСЖ: Кеджинек, Жорж, Деланнуа, Диалло, Эрика, Кристиане (Сарр, 64), Ламари (Дауди, 81), Паредес, Крус-Транья, Периссе, Вероника Бокете. Бас төреші: Олга Задинова (Чехия).

Айта кетейік, «БИІК-Қазығұрт» қыздар арасында Чемпиондар лигасының 1/8 финалына шыққан қазақстандық тұңғыш клуб.