Қазақстанда жаңа футзал клубы құрылды

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстанда жаңа футзал клубы құрылды
Фото ©️ kff.kz

Талдықорғанда жаңа «Жетісу» футзал клубы құрылды. Команданың таныстырылымы Алматы қаласында өтті. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

Клуб премьер-лигада бақ сынайтын «Жетісу» футбол командасы командасы негізінде құрылған. 2018 жылы ел премьер-лигасындағы барлық ұжымдардың футзал және әйелдер командасы болуы жолға қойылып отыр.

«Жетісу» футзал клубын бразилиялық Эмерсон Джуниор де Лима жаттықтыратын болады. Командаға бразилиялық төрт ойыншы шақырту алған. Ұлттық құраманың жеті ойыншысы өнер көрсетеді.

Айта кетейік, осыған дейін «Ақтөбе» футзал клубы құрылған болатын.