Бүгін футболдан Чемпиондар лигасының топтық кезеңі басталады

О Сансызбай Корреспондент
Бүгін футболдан Чемпиондар лигасының топтық кезеңі басталады
Фото ©️ vimeo.com

Бүгін футболсүйер қауым асыға күткен Чемпиондар лигасының топтық кезеңі басталады. «А», «В», «С» және «D» топтарындағы алғашқы ойындар өтеді.

БӨЛІСУ

Топтық кезеңдегі бүгінгі барлық ойындар Астана уақытымен сағат түнгі 00:45-те басталады. Қазақстандық жанкүйерлер «ОҢ-ТВ» арнасынан бүгін «А» тобындағы «ПСЖ» - «Арсенал» ойынын тікелей эфирде тамашалай алады. Сондай-ақ арна «Манчестер Сити» мен «Боруссия Менхенгладбах» арасындағы кездесудің қайталауын ұсынатын болады. Олай болса, назарларыңызға бүгінгі ойындар кестесін ұсынамыз.

«А» тобы 

«ПСЖ» (Франция) - «Арсенал»  (Англия)

«Базель» (Швейцария)  - «Лудогорец»  (Болгария)

«В» тобы

«Динамо» (Украина) - «Наполи» (Италия)

«Бенфика» (Португалия) - «Бешикташ» (Түркия)

«С» тобы 

«Барселона» (Испания) - «Селтик» (Шотландия)

«Манчестер Сити» (Англия) - «Боруссия М» (Германия) 

«D» тобы

«Бавария» (Германия) - «Ростов» (Ресей)

«ПСВ» (Нидерланд) - «Атлетико» (Испания)