Головкин Бруктан жеңіл болып шықты

О Сансызбай Корреспондент
Головкин Бруктан жеңіл болып шықты
Фото ©️ vk.com

Геннадий Головкин мен Келл Брук Лондонда салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Отандасымыз қарсыласынан 144 граммға жеңіл болып шықты.

БӨЛІСУ

Жекпе-жекке дейін салмақ өлшеу рәсімінде Головкиннің салмағы 158,9 фунтты (72 келі 158 грам) құрады, ал оның қарсыласы ұлыбританиялық босшы Келл Бруктың салмағы - 159,4 фунт (72 келі 302 грам) болды.

Қазақстандық жанкүйерлер бұл кездесуді «Қазақстан» және «KazSport» арналарынан тамашалай алады. Отандасымыз Астана уақытымен кешкі сағат 23:00 шамасында шаршы алаңға көтеріледі.

Салмақ өлшеу рәсімінен кейін Геннадий Головкин тілшілерге сұқбат берген жоқ. Британдық басылымдар қазақстандық боксшының денсаулығы сыр берген секілді деп топшылап, алаңдаулы екенін жазуда. Ал отандасымыздың жаттықтырушылары бәрі ойдағыдай екенін айтып, қазақстандық боксшы жекпе-жекті асыға күтіп отырғанын хабарлады.