Қытайдың боксшысы Астанада қазақстандықты бірінші раундта-ақ нокаутқа түсірді

Manas Корреспондент
Қытайдың боксшысы Астанада қазақстандықты бірінші раундта-ақ нокаутқа түсірді
Фото ©️ ҚКБФ

Қазақстандық бұрымды боксшы Аида Сарибарова Астанада өтіп жатқан "Елорда кубогінде" нокаутқа түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

75 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында ол қытайлық Киан Лиден жеңілді. 

Сарибарова бірінші раундта-ақ үш рет нокдауға түсті, осыдан кейін төреші бірден жекпе-жекті тоқтатты.

Осылайша, Аида турнирдің күміс жүлдегері атанды, Қытай боксшысы финалда алтынға таласады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!