Шахматтан Astana Open 2016 фестивалі өтеді

Ербол Жұмабайұлы Корреспондент
Шахматтан Astana Open 2016 фестивалі өтеді
Фото ©️ vymenniky.sk

Шахмат фестиваліне Қазақстанның түкпір-түкпірі мен жақын шет елдерден келген 250-ге жуық шахматшы қатысатын болады.

БӨЛІСУ

Жыл сайын өткізілетін Astana Open 2016 шараcын Қазақстан шахмат федерациясы және Астана қ. әкімдігінің қолдауымен Астана қаласы Шахмат федерациясы және «Гамбит» шахмат мектебі ұйымдастырады.

Сайыстың басты мақсаты – еліміздің балалар және жасөспірімдер құрамасын әлемдік біріншіліктерге даярлау. Фестивальға халықаралық деңгейдегі гроссмейстерлер, жасөспірімдер арасында өткен әлемдік біріншілік шеберлері, чемпиондар мен жүлдегерлер қатысады. 

Фестиваль бағдарламасына сәйкес, балалар мен жасөспірімдер арасында түрлі форматтағы бес турнир өткізіледі, деп хабарлайды Астана қаласының әкімдігі. 

Бұл шара 20 шілде – Халықаралық шахмат күнінде М.Өтемісов атындағы оқушылар сарайында өтеді.

Дереккөз: 24.kz