Чемпионды жекпе-жеке шақырды! Әлімханұлы құттықтауына қатулы жауап алды

Manas Корреспондент
Чемпионды жекпе-жеке шақырды! Әлімханұлы құттықтауына қатулы жауап алды
Фото ©️ instagram.com/janibek_alimkhanuly/

Орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) чемпионды айқасқа шақырамын деп қатқыл жауап алды.

БӨЛІСУ

WBC америкалық Джермалл Чарлоны (33-0, 22 КО) көлікті мас күйде айдап, жол апатына түсіп және оқиға орнынан қашқаны үшін чемпион атағынан айырып, оны осыған дейін "уақытша" чемпион болып келген доминиканалық Карлос Адамеске (23-1, 18 KO) берді. 

"Карлос Адамес, менің клубыма қош келдің. Құттықтаймын! Енді сен әлем чемпионысың, ендеше жекпе-жек ұйымдастырайық. Айқасқа шығайық! Біз дайынбыз! Төрт белбеу! WBC, IBF, WBO және The Ring", - деп жазыпты Жәнібек твиттерде. 


Адамес жауап күттірген жоқ:

"Құттықтауыңа рахмет, бірақ сен қандай клубты айтып отырсың? Егер элиталы клуб болса, сен оған әлі онда емессің. Титулммен рахаттануға бір күн де бермедің ғой. Тағы үшеу - еш қиындық жоқ", - дейді доминиканалық.