Cерена Уильямс «Роллан Гарростың» финалында жеңіліп қалды

О Сансызбай Корреспондент
Cерена Уильямс «Роллан Гарростың» финалында жеңіліп қалды
Фото ©️ vk.com

Әйгілі теннисші Серена Уильямс Франция ашық біріншілігінің («Rolland Garros») финалында испан теннисшісі Гарбинье Мугурусадан ұтылып қалды. Әлемнің бірінші ракеткасы Париждегі жарыстың финалында алғаш рет жеңіліп отыр.

БӨЛІСУ

21 жастағы испан теннисшісі Серена Уильямсты екі сетте 7:5 және 6:4 есебімен жеңіп шықты. Нәтижесінде спорттық мансабында алғаш рет «Үлкен дулыға» санатындағы додада топ жарды. Өткен жылы «Уимблдонның» финалына шыққанмен, шешуші кездесуде жеңіліс тапқан болатын.

34 жастағы америкалық теннисші «Роллан Гарростың» финалында алғаш рет жеңіліп отыр. Ол осыған дейін 1999, 2002 және 2015 жылдары жеңімпаз атанған еді. «Үлкен дулыға» санатындағы турнирлердің финалына 27 рет шығып, 21-де қарсыласынан басым түскен.

Айта кетейік, Серена Уильямс ширек финалда қазақстандық Юлия Путинцевамен ойнап, үш сет қорытындысы бойынша отандасымызды жарыс жолынан шығарған болатын.