Бейбіт Шүменов 21 мамыр күні шаршы алаңға шығады

О Сансызбай Корреспондент
Бейбіт Шүменов 21 мамыр күні шаршы алаңға шығады
Фото ©️ vesti.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов 21 мамыр күні шаршы алаңға шығады деп күтілуде. Бұл туралы boxrec.com порталына сілтеме жасап, vesti.kz сайты хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

Бірінші ауыр салмақта бақ сынайтын отандасымыз 21 мамыр күні Лас-Вегаста өтетін РВС шоуы кезінде жұдырықтасады. Әзірге Бейбіттің қарсыласы анықталмаған. Алдын ала белгілі болғандай, жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған.

Бейбіт Шүменов соңғы рет өткен жылдың шілде айында шаршы алаңға шыққан болатын. Ал жылдың соңына қарай поляк боксшысы Кшиштоф Влодарчикпен жұдырықтасуы тиіс еді. Алайда жарақат алып қалған отандасымыз бұл жекпе-жегін осы жылға шегерген-ді.