Дженнаро Гаттузо Қазақстан құрамасын жаттықтыруы мүмкін

О Сансызбай Корреспондент
Дженнаро Гаттузо Қазақстан құрамасын жаттықтыруы мүмкін
Фото ©️ eurosport.ru

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасын италиялық маман Дженнаро Гаттузо жаттықтыруы мүмкін. Бұл туралы Италияның танымал спорт басылымдарының бірі «La Gazzetta dello Sport» хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

Дженнаро Гаттузо қазіргі таңда Италияның үшінші дивизионында ойнайтын «Пиза» клубын жаттықтырады. Бапкер командамен келісімшарты аяқталған соң, Қазақстан ұлттық құрамасының тізгінін қолына алуы мүмкін.

Айта кетейік, Дженнаро Гаттузоның Қазақстан құрамасын жаттықтыруы мүмкін екені туралы ақпарат ақпан айынан бері айтылып келеді.