«Арландардың» 22 сәуір күні шаршы алаңға шығатын құрамы анықталды

О Сансызбай Корреспондент
«Арландардың» 22 сәуір күні шаршы алаңға шығатын құрамы анықталды
Фото ©️ vk.com

Бүкіләлемдік бокс сериясында (WSB) ел намысын қорғап келе жатқан «Astana Arlans» ширек финалдағы кездесуін 22-23 сәуір күні Шымкент қаласында өткізеді. Қазақстандық клубтың бұл кезеңдегі қарсыласы – Венесуэланың «Venezuela Caciques» клубы.

БӨЛІСУ

Шымкент шаршы алаңындағы алғашқы күнгі жекпе-жектер С1 дәрежесі бойынша өтеді. Бұл дәреже ережесіне сәйкес, 49, 56, 64, 75 және 91 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі боксшылар жұдырықтасады.

Ширек финалдың алғашқы күнгі жекпе-жегін 49 келі салмақта Жомарт Ержан мен Ангелино Кордова бастайды. 56 келіде Нұрбол Қалжанов «Astana Arlans» сапындағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді. Оның қарсыласы – Эктор Гарсия. 64 келіде команда капитаны Самат Башенов Луис Арконмен, 75 келіге дейінгі салмақта Әбілхан Аманқұл Йохан Гонсалеспен, 91 келіде Мұхамеджан Еркін Дэвис Хулиомен жұдырықтасады.

Айта кетейік, ширек финалдағы кездесулер екі күнге созылады. 23 сәуір күні С2 дәрежесіндегі боксшылар шаршы алаңға шығатын болады. Олар әлі анықталған жоқ.