Зарина Дияс WTA рейтингінде 11 орынға жоғарылады

О Сансызбай Корреспондент
Зарина Дияс WTA рейтингінде 11 орынға жоғарылады
Фото ©️ alaman.kz

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс жаңартылған WTA рейтингінде 11 сатыға жоғарылады. Нәтижесінде 86-орынға табан тіреп отыр.

БӨЛІСУ

Қазіргі таңда Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева болса 58-орыннан 61-ге түссе, Ярослава Шведова 71-ден 70-ке көтерілді.

Әйелдер арасындағы рейтингте Серена Уильямс көш бастап келеді. Екінші орынға неміс теннисшісі Анжелик Кербер көтерілсе, поляк теннисшісі Агнешка Радваньска үшінші орынға сырғыды. Допинг дауына іліккен ресейлік Мария Шарапова болса 9-орында келеді.