«Барыс» «Тракторды» буллит сериясында жеңді (видео)

О Сансызбай Корреспондент
«Барыс» «Тракторды» буллит сериясында жеңді (видео)
Фото ©️ vesti.kz

Құрлықтық хоккей лигасында ел намысын қорғайтын Астананың «Барысы» маусымдағы өз алаңында өткен соңғы ойында Челябинскінің «Трактор» клубын ұтты. Жеңімпаз буллит сериясында анықталды.

БӨЛІСУ

Андрей Назаров шәкірттері бірінші кезеңді сәтті өткізді. Қарсыластар қақпасына үш шайба соқты. «Трактор» бір шайбамен ғана жауап қатты. Екінші кезең қонақтар үшін сәтті өтті. «Барыс» қақпасына бар-жоғы 1 минутта үш шайба соғып, есепте алға шықты. Ал үшінші кезеңде Найджел Доустың шайбасы қазақстандық клубты жеңілістен құтқарып қалды. Ал буллит сериясында Майкл Ландиннің соққан шайбасы «Барысқа» жеңіс сыйлады.

«Барыс» құрлықтық хоккей лигасының соңғы төрт турын сырт алаңда өткізеді. 1 ақпан күні Уфада «Салават Юлаев» клубымен кездеседі.