Головкиннің келесі қарсыласы ресейлік боксшы болуы мүмкін

Серікбол Ерсін Корреспондент
Головкиннің келесі қарсыласы ресейлік боксшы болуы мүмкін
Фото ©️ вести

Орта салмақта әлем чемпионы титулына бұрынғы үміткер ресейлік Матвей Коробов 23 сәуірге АҚШ-та жоспарланған кездесуде Головкинмен жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеді, − деп хабарлайды Vesti.kz.

БӨЛІСУ

"Кеше маған қоңырау соғып осы кездесу туралы сұрады. Мен Матвеймен сөйлестім, ол келісімін берді. Сондықтан да біз бұл жекпе-жекке қызығушылық танытып отырмыз. Ковров өткен сенбіде кездесу өткізіп, қазір залға қайта оралды",  деді ресейлік боксшының менеджері Кэмерон Данкин.

Айта кетейік, Головкин рингке 23 сәуірде қайта шығады. Ол IBF тұжырымы бойынша чемпиондық титулға негізгі үміткер Джонсонмен кездесуі керек болған, дегенмен спортшы жарақатына байланысты шаршы алаңға шыға алмайтын болды.