«Барыс» «Авангардтан» ойсырай ұтылды (видео)

О Сансызбай Корреспондент
«Барыс» «Авангардтан» ойсырай ұтылды (видео)
Фото ©️ vk.com

Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңіне берілер жолдамаға талас қыза түсуде. Елордалық «Барыс» соңғы ойындарын сәтті өткізіп келгенмен, бүгін Омбының «Авангард» клубына қарсы қауқар таныта алмады.

БӨЛІСУ

Астанадағы «Барыс-Арена» мұз айдынында өткен ойында 2:7 есебі тіркелді. Қонақтар бірінші кезеңнің өзінде төрт шайба басымдығымен алға шықты. Кейінгі екі кезеңде «Барыс» таразы басын теңестіруге ұмтылғанмен, нәтиже шықпады. Керісінше «Авангард» ойыншыларының шабуылдары ширақ шығып, өз мүмкіндіктерін сәтті пайдаланумен болды.

Екінші кезеңде қазақстандық клубтың тафгайы Дамир Рыспаев «Авангард» ойыншысы Михал Кемпниді соққыға жығып, ойын соңына дейін мұз айдынға шығу мүмкіндігінен айырылды.

«Барыс» келесі ойынын 25 қаңтар күні Астанада Нижнекамскінің «Нефтехимик» клубына қарсы өткізеді.