GGG Туреано Джонсонмен жұдырықтасуы тиіс

О Сансызбай Корреспондент
GGG Туреано Джонсонмен жұдырықтасуы тиіс
Фото ©️ vk.com

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинді сәуір айында Багам аралдарының боксшысы Туреано Джонсонмен жұдырықтасуды міндеттеді. Бұл туралы шетелдік басылымдарға сілтеме жасап vesti.kz сайты хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

- Головкин IBF чемпиондық белбеуін сәуір айында Туреано Джонсонға қарсы қорғау керек. Бұл жекпе-жек әзірше келісілген жоқ, - деп хабарлаған IBF.

Багам аралдарының атынан шаршы алаңға шығатын Туреано Джонсон IBF чемпиондық белбеуіне міндетті үміткерлердің бірі. Осыған дейін 19 жекпе-жек өткізіп, бір кездесуінде ғана жеңіліс тапқан. 13 жекпе-жегін мезгілінен бұрын аяқтаған. Соңғы рет Головкин мен Лемье арасындағы кездесудің андеркартында шаршы алаңға шығып, британдық Имон О'Кейнді жеңген еді.

Туреано Джонсонмен осыған дейін қазақстандық боксшы Қанат Ислам жұдырықтасқан. 2008 жылы Бейжіңдегі Олимпиадада кездескен боксшылар жекпе-жегінде Қанаттың мысы басым болған. Ол кезде қазақстандық боксшы Қытай елінің атынан халықаралық жарыстарға қатысып жүрген кез болатын.