«Барыс» «Северстальды» овертаймда ұтты (видео)

О Сансызбай Корреспондент
«Барыс» «Северстальды» овертаймда ұтты (видео)
Фото ©️ vesti.kz

Құрлықтық хоккей лигасында бақ сынайтын «Барыс» Астанада Череповецтің «Северсталь» клубын овертаймда ұтты. Бірінші кезеңде ие болған екі шайба басымдығын ойын соңына дейін сақтап қала алмады.  

БӨЛІСУ

«Барыс-Арена» мұз айдынында өткен ойында 4:3 есебі тіркелді. Бірінші кезеңде Максим Семенов пен Брэндон Боченский соққан шайбалар «Барысты» алға шығарды. Екінші кезеңде екі клуб та бір-бір шайбадан соғып шықты. Алайда үшінші кезең Андрей Назаров шәкірттері үшін сәтті аяқталмады. 48 минутта Даниил Вовченко есепті қысқартса, 55 минутта Вадим Никонцев таразы басын теңестіріп кетті. Нәтижесінде қос клуб жеңімпазды овертаймда анықтады. Овертайм 26 секундқа ғана созылып, Брэндон Боченский «Барысқа» жеңіс сыйлаған шайбаны соқты.

«Барыс» плей-офф кезеңіне шыу үшін барын салуда. 29 желтоқсан күні Астанада Мәскеудің «ЦСКА» клубын қабылдайды.