«Барыс» жаңа мұз айдынында «СКА» клубын жеңді (видео)

О Сансызбай Корреспондент
«Барыс» жаңа мұз айдынында «СКА» клубын жеңді (видео)
Фото ©️ vk.com

Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін Астананың «Барысы» 12 мың жанкүйерге арналған жаңа мұз айдынында Питердің «СКА» клубын жеңді.

БӨЛІСУ

Андрей Назаров осыған дейін дәл осы питерлік клубты жаттықтырып келген еді. Сондықтан да қарсыластарының қыр-сырын толықтай біліп, өз ойын жүйесін жүргізе білді. Бірінші және екінші кезеңде командалар 1:1 есебімен тең ойнады. Үшінші кезеңде Найджел Доус пен Константин Романовтың соққан шайбалары «Барысқа» жеңіс сыйлады.

Қазіргі таңда «Барыс» 28 турдың 10 ойынында жеңіске жетіп, 34 ұпаймен шығыс конференциясында 11-ші орында келеді.