Лондонда қазақ күресінен «Болашақ барысы» турнирі өтеді

О Сансызбай Корреспондент
Лондонда қазақ күресінен «Болашақ барысы» турнирі өтеді
Фото ©️ facebook.com

Қазақ xандығының 550 жылдығына орай, шетелдегі қазақ студенттерінің арасында тұңғыш рет Лондон қаласында қазақ күресінен «Болашақ Барысы» турнирі өткізілмек. Бұл туралы «Қазақстан барысының» facebook желісіндегі ресми парақшасы хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

Еуропаның төрінде ұлттық құндылығымызды дәріптейтін турнир «Brunel University London» спорт кешенінде өтеді. Дода 1 қарашаға жоспарланған.

Айта кетейік, 4 қараша күні Орал қаласында қазақ күресінен балалар, жасөспірімдер және жастар арасында «Жас барыс» атты IV республикалық турнир өтеді.