«Барыстың» тағы бабы келіспеді (видео)

О Сансызбай Корреспондент
«Барыстың» тағы бабы келіспеді (видео)
Фото ©️ vesti.kz

Құрлықтық хоккей лигасында бақ сынайтын «Барыстың» бабы тағы келіспеді. Қайта қызметіне оралған бас жаттықтырушы Андрей Назаров алғашқы ойынын Братиславада жеңіліспен бастады.  

БӨЛІСУ

«Слованға» қарсы ойында қазақстандық клуб 5:3 есебімен ұтылды. Бірінші кезеңде мұз айдын иелері 3:1 есебімен жеңіп шықты. Екінші кезеңде «Барыс» хоккейшілері таразы басын теңестіре білді. Алайда үшінші кезеңде «Слован» сапынан Томаш Сурови мен Баркер командасын алға шығарып кетті.

«Барыс» келесі кездесуін 23 қазан күні Загребте «Медвешчак» клубына қарсы өткізеді.