Геннадий Головкин жанкүйерлеріне алғыс білдірді

Гүлжанар Берік Корреспондент
Геннадий Головкин жанкүйерлеріне алғыс білдірді
Фото ©️ twitter.com

Ержүрек боксшы Геннадий Головкин барша қазақстандықтарды және жанкүйерлеріне алғыс білдірді.

БӨЛІСУ

Боксшы алғысын Twitter әлеуметтік желісінде білдірген. «Бүгін маған жеңіске жетуге көмектескен жандарға рахмет! Менің жанкүйерлерім, менің халқым, менің командам, менің елім! Бәрі тамаша!» — деп жазған боксшы.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін қазақстандық боксшы Геннадий Головкин WBA (Super), IBO, WBC, IBF чемпионы атанды. Давид Лемьемен жекпе-жегінде өзінің рухының биіктігін дәлелдеді.