Юрий Красножан ұлттық құраманы жасақтады

О Сансызбай Корреспондент
Юрий Красножан ұлттық құраманы жасақтады
Фото ©️ kff.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Юрий Красножан 2016 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясындағы Нидерланд пен Латвияға қарсы ойнайтын ұлттық құраманың тізімін жариялады.

БӨЛІСУ

Қазақстан құрамасы Нидерланд пен Латвия құрамасына қарсы іріктеу кезеңіндегі соңғы ойындарын өткізеді. Осыған дейін 1 ұпай ғана жинаған қазақстандық футболшылар топта 2 ұпаймен көш соңында келеді.  

 Орын  Ұлттық құрама   Ойын   Жеңіс Тең нәтиже Жеңіліс Доптар Ұпайлар
1  Исландия 8 6 1 1 15-3 19
2  Чехия 8 5 1 1 16-10 19
3  Түркия 8 3 3 2 11-9 12
4  Нидерланд 8 3 1 4 13-10 10
5  Латвия 8 0 4 4 4-16 4
6  Қазақстан 8 0 2 6 5-16 2

Ұлттық құрамаға шақырту алған футболшылар:

Қақпашылар: Бойченко Сергей («Ордабасы»), Покатилов Стас («Ақтөбе»), Сидельников Андрей («Ордабасы»);

Қорғаушылар: Айтбаев Берік («Атырау»), Бейсебеков Абзал («Астана»), Гурман Марк («Қайрат»), Қуантаев Ермек («Қайрат»), Логвиненко Юрий («Ақтөбе»), Малый Сергей («Ордабасы»), Сүйімбаев Ғафуржан («Ордабасы»), Шомко Дмитрий («Астана»), Энгель Константин («Ингольштадт», Германия);

Жартылай қорғаушылар: Гетериев Қазбек («Ертіс»), Жолшиев Бауыржан («Астана»), Досмағамбетов Тимур («Тараз»), Исламхан Бауыржан («Қайрат»), Қонысбаев Ұлан («Қайрат»),  Қуат Исламбек («Қайрат»), Көкеев Жамбыл («Қайрат»), Мухутдинов Альмир («Тараз»), Нұрғалиев Азат («Ордабасы»), Смақов Самат («Ертіс»);

Шабуылшылар: Нөсербаев Таңат («Астана»), Хижниченко  Сергей («Ақтөбе»), Щеткин Алексей («Астана»).

Негізгі құрамның ойыншылары жарақат алған жағдайда келесі футболшылар шақырту алады: қақпашы - Плотников Владимир («Қайрат»), жартылай қорғаушы - Дарабаев Аслан («Қайрат»).

Қазақстан ұлттық құрамасы 2015 жылдың 5 қазанында Астанада жиналады. Нидерланд құрамасымен ойын 10 қазан күні 22:00-де басталады. Кейін қазақстандық футболшылар Ригаға жол тартып, 13 қазан күні Латвия құрамасымен кездеседі. Бұл ойындармен Қазақстан Ұлттық ЕУРО-2016 іріктеу турнирін аяқтайды.