Рүстем Сыбай Азия чемпионатында топ жарды (видео)

О Сансызбай Корреспондент
Рүстем Сыбай Азия чемпионатында топ жарды (видео)
Фото ©️ flickr.com

Ауыр атлетикадан Таиландтың Пхукет қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына үшінші алтын медаль түсті.  94 келіге дейінгі салмақта Рүстем Сыбай Азия чемпионы атанды.

БӨЛІСУ

Қазақстандық спортшы қоссайыс нәтижесі бойынша 383 келіні бағындырды. Жұлқа көтеруде 167 келіні, серпе көтеруде 216 келіні көтерді. Күміс Оңтүстік Корея елінің спортшысы Джунг Хуенге бұйырды. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша Рүстем Сыбайдан 6 келі аз көтерді. Қола жүлдегер атанған ирандық Али Хашими де осы нәтижені көрсетті. Алайда кәріс спортшысының Алиден салмағы аз болып шықты.

Айта кетейік, бүгін қыздар арасында Майра Файзуллаева (69 келі) қола медаль жеңіп алған болатын.  Ал оған дейін Айдар Қазов пен Ермек Өміртай Азия чемпионы атанса, Әсем Садықова мен Фаина Сиванбаева қола жүлдегер атанған-ды. 

Ақпаратты орыс тілінде vesti.kz сайтынан оқи отырыңыздар.