Елдос Сметов – жартылай финалда!

О Сансызбай Корреспондент
Елдос Сметов – жартылай финалда!
Фото ©️ confederation.kz

Дзюдодан Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатында 60 келіге дейінгі салмақта екінші спортшымыз жартылай финалға шықты. Ширек финалда өзбек Диорбек Уразбаевты ұтқан Елдос Сметов кешкі белдесулерде жүлдеге таласатын болады.

БӨЛІСУ

Ел құрамасы үміт артып отырған спортшылардың бірі Елдос Сметов еді. Қазақстандық спортшы бапкерлерін үмітін ақтап жартылай финалға шықты. Отандасымыз бірінші кездесуінде Финляндиядан келген спортшы Йюхо Рейнваллдан басым түсті. Одан кейін Сауд Арабиясынан келген Эйса Мажрашиді жеңді. Ал 1/8 финалда мексикалық Набор Кастильоны жеңіп шықты. Жартылай финалда Елдос жапон спортшысы Шишиме Торумен белдеседі.

Осыған дейін 60 келіге дейінгі салмақта Рустам Ыбраев та жартылай финалға өткен болатын. Ол моңғол балуаны Ганбат Болдватармен кездеседі.