«KazSport» арнасы дзюдодан әлем чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді

О Сансызбай Корреспондент
«KazSport» арнасы дзюдодан әлем чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді
Фото ©️ fdk.kz

«KAZsport» телеарнасы 24-30 тамыз аралығында өтетін дзюдодан әлем чемпионатын тікелей эфирден көрсетеді. Бұл туралы «Қазақстан» телерадиокорпорациясының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

«Дзюдо Федерациясы» мен «Қазақстан» РТРК АҚ арасында Қазақстанда алғаш рет өткелі отырған дзюдодан әлем чемпионатын көрсетудің эксклюзивті құқығын беру туралы келісімге қол жеткізіліп, тиісті шартқа қол қойылды, - делінген хабарламада.

«KAZsport» телеарнасы әлем чемпионатының іріктеу және финалық кездесулерін тікелей эфирден көрсетеді. Таңертеңгі кездесулер сағат 11:00-де, ал кешкі белдесулер сағат 17:00-де басталады. Келісімге сай телеарна әлем чемпионатын толықтай тікелей эфирде көрсетіп, оның қорытындысы бойынша деректі фильм әзірлейді.

Айта кетейік, дзюдодан әлем чемпионаты елімізде тұңғыш рет өткелі отыр. Дүбірлі додаға 123 елден 823 спортшы чемпионатқа қатысатынын растап, шараны жан-жақты баяндау үшін әлемнің түкпір-түкпірінен 160 БАҚ өкілі тіркеуден өткен. Астана татамиінде 2016 жылғы Рио Олимпиадасының лицензиялық ұпайлары таратылатын болады.