Бекман Сойлыбаев 27 тамыз күні шаршы алаңға көтеріледі

О Сансызбай Корреспондент
Бекман Сойлыбаев 27 тамыз күні шаршы алаңға көтеріледі
Фото ©️ vk.com

Кәсіпқой бокста ел намысын қорғап жүрген отандасымыз Бекман Сойлыбаев кезекті кездесуін 27 тамыз күні өткізетін болды. Отандасымыздың қарсыласы – мексикалық Хосе Луис Арайза.

БӨЛІСУ

25 жастағы қазақстандық боксшының қарсыласы осал емес. Кәсіпқой бокстағы мансабын 1998 жылы бастаған. 17 жыл ішінде 45 рет шаршы алаңға көтеріліп, 31-інде жеңіске жеткен. 1 жекпе-жегін тең аяқтаса, 13 рет жеңіліс тапқан. 22 жұдырықтасуын мезгілінен бұрын аяқтаған. 5 жыл бұрын спорттық мансабының «жұлдызды шағын» басынан өткізген боксшы 29 кездесуінде қатарынан жеңістің туын желбіреткен. Сондай-ақ, Хосе Луис Арайза Латын Америкасы құрлығындағы түрлі чемпиондық белбеулерді иеленген. Олардың қатарында «WBO Latino», «WBA Fedelation», « WBA Fedecentro» чемпиондық атақтары да бар. 36 жастағы мексикалық боксшы бүгінде нағыз бабында болмаса да, тәжірибелі екені рас.

Бекман Сойлыбаев осыған дейін 5 жекпе-жек өткізіп, барлығын жеңіспен аяқтады. Соңғы рет Калифорния штатына қарасты Чино қаласында мексикалық тағы бір боксшы Серхио Нахерді 38 секундта жеңіп шыққан болатын.