«Қайсарға» жаңа бапкер келді

О Сансызбай Корреспондент
«Қайсарға» жаңа бапкер келді
Фото ©️ vk.com

Футболдан Қызылорданың «Қайсар» клубын ресейлік бапкер Федор Щербаченко жаттықтыратын болды. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

- Қызылордалық клубты ресейлік маман Федор Щербаченко жаттықтыратын болды. Алдымен бапкер клуб басшылығымен кездесіп, кейіннен Қызылорда облысының мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Садық Мұстафаев жаңа бапкерді командамен таныстырды, - делінген хабарламада. Сондай-ақ, жаңа бапкер «Қайсар» мен «Байқоңыр» арасындағы жолдыстық кездесуді тамашалады.

Федор Щербаченко осыған дейін «Кубань», «Томь», «Москва», «Балтика», «Губкин», «Ротор» және «Мордовия» клубтарында қызмет атқарған. Соңғы рет Арменияның «Улисс» ұжымын жаттықтырыпты.

Айта кетейік, ел премьер-лигасының бірінші айналымының қорытындысы бойынша клуб сәтсіз өнер көрсеткеннен кейін, бас бапкер Дмитрий Огай мен спорттық директоры Руслан Балтиев қызметінен кеткен болатын.