50 Сent Мейвезердің Головкинмен жұдырықтасқанын қаламайды

Мақпал Бисембаева Корреспондент
50 Сent Мейвезердің Головкинмен жұдырықтасқанын қаламайды
Фото ©️ tn.kz

50 Сent деген атпен танымал рэпер әрі промоутер Кертис Джексон қазіргі заманның үздік боксшысы Флойд Мейвезердің қазақстандық Геннадий Головкинмен бір рингке шыққанын қаламайды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

БӨЛІСУ

"Флойдтың Головкинмен жұдырықтасқанын қаламаймын. Ешқашан. Бұл жігіт тым күшті. Головкиннің Уордпен жекпе-жегін көргім келіп еді, оның күштілігін сол кезде көрер едік. Бұл көруге тұрарлықтай жекпе-жек", - деді 50 Сent. 

Еске салайық, Головкин - Лемье жекпе-жегі 17 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Бұл кездесуді HBO телеарнасы таратады. Ал Қазақстанда жекпе-жекті "Қазақстан" арнасынан көруге болады.