Шымкентте УЕФА Даму Кубогы мәресіне жетті

О Сансызбай Корреспондент
Шымкентте УЕФА Даму Кубогы мәресіне жетті
Фото ©️ kff.kz

Шымкентте 19 жасқа дейінгі қыздар арасында УЕФА Даму Кубогы аяқталды. Турнир жеңімпазы Әзірбайжан құрамасы атанды. Бұл туралы ҚФФ ресми сайты хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

Әзірбайжан елінен келген қыздар 17 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасын 7:0 есебімен ұтты. Екінші орынды 19 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы иеленді. Олар бүгін Эстония футболшыларынан 5:0 есебімен басым түсті. Бұл ойында қазақстандық Светлана Бортникова хет-трик авторы атанды.

Қазақстан – Эстония 5:0 (1:0)

Голдар: Бортникова 30, Бортникова 68, Хайруллина 70, Әубәкір 74, Бортникова 90

Ескерту: Спарова (Қазақстан) 45+4

Төрешілер: Л.Хасанова (Қазақстан), Л.Кәрімова (Қазақстан), Д.Үсенова (Қазақстан)

19 маусым. Шымкент. «Намыс» стадионы. 250 жанкүйер 


Әзірбайжан – Қазақстан U-17 7:0 (5:0)

Голдар:  Релея 21, Релея 28, Бакарадзе  34, Релея 39, Релея 44, Қожахмет 53-автогол, Релея 60

Ескерту: Сайдолла 36, Вахитова 41 (екеуі де - Қазақстан)

Төрешілер: Ю.Медведева (Қазақстан), А.Уәлиева (Қазақстан), А.Абжан (Қазақстан)

19 маусым. Шымкент. «Намыс» стадионы. 200 жанкүйер 

Турнир кестесі 

О

Құрама

Ұпай

 Голдар 

1

Әзірбайжан U-19

9

12-0

2

Қазақстан U-19

5

8-5

3

Эстония U-19

3

2-9

4

Қазақстан U-17

1

4-12