Дзюдодан Астанадағы әлем чемпионатына қатысатын елдер белгілі бола бастады

О Сансызбай Корреспондент
Дзюдодан Астанадағы әлем чемпионатына қатысатын елдер белгілі бола бастады
Фото ©️ fdk.kz

24-30 тамыз аралығында Астанада дзюдодан әлем чемпионаты өтеді. Осыған орай әлемнің бірқатар елдері дүбірлі додаға спортшылары қатысатынын хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

2015 жылғы дзюдодан Олимпиада ойындарына лицензиялық ұпайлар тарататын әлем чемпионаты 24-30 тамыз аралығында Астана қаласында өтетінін осыған дейін де хабарлаған болатынбыз. Елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған бұл доданың маңызы жоғары. Оған әлемнің ең үздік балуандары қатысатын болады. Отандастарымыздың да Олимпиада жолдамасы үшін өтетін белдесулерде негізгі ұпайларды иеленіп қалуға мүмкіндігі мол. Расында да байрақты бәсекенің елімізде ұйымдастырылуы ел спорты үшін ғана емес, дзюдошыларымыздың да жеңіске жету үшін талпынуына қамшы болары сөзсіз.

Қазіргі таңда дзюдо күресінен Астанада өткізілетін әлем чемпионатына 17 мемлекеттің спортшылары қатысатындықтарын растады. Жапония, Бразилия, Чехия, Монако, Сауд Арабиясы, Канада, Нидерланд, Бельгия, Швеция, Тунис, Англия, Болгария, Германия, Финляндия, Тәжікстан және Тайпей спортшылары бәсекеде бақ сынауға дайын. Алдағы уақытта өзге елдер де спортшыларының қатысатындықтарын ресми түрде хабарлайтын болады.