Таңат Нөсербаев Түркияға қарсы ойынға қатыспайды

О Сансызбай Корреспондент
Таңат Нөсербаев Түркияға қарсы ойынға қатыспайды
Фото ©️ kff.kz

2016 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында Түркиямен өтетін матч қарсаңында Қазақстан Ұлттық құрамасының шабуылшысы Таңат Нөсербаев қатардан шығып қалды.  Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты хабарлады.

БӨЛІСУ

«Астана» футбол клубының ойыншысы ел чемпионатында «Ақтөбе» командасымен өткізген ойында жарақат алғаннан кейін, емделу үшін үйіне қайтарылған.

Қазақстан Ұлттық құрамасының бапкерлік штабы Таңат Нөсербаевтың орнына әзірге ешкімді шақырған жоқ. Футболшының жарақаты қаншалықты салмақты екені медициналық тексерістен соң анықталады.

Қазіргі таңда Қазақстан Ұлттық құрамасының сапында дайындық жүргізіп жатқан футболшылар:

Бойченко Сергей, Покатилов Стас, Цирин Антон, Шмидтгаль Генрих, Ахметов Елдос, Бейсебеков Абзал, Логвиненко Юрий, Гурман Марк, Мирошниченко Дмитрий, Абдулин Ренат, Малый Сергей, Сүйімбаев Гафуржан, Шомко Дмитрий, Хижниченко Сергей, Щеткин Алексей, Исламхан Бауыржан, Досмағамбетов Тимур, Жолшиев Бауыржан, Тағыберген Асхат, Дарабаев Аслан, Жуков Георгий, Қонысбаев Ұлан, Нұрғалиев Азат, Смақов Самат, Көкеев Жамбыл, Энгель Константин.

Еске сала кетейік, 12 маусым күні Қазақстан Ұлттық құрамасы 2016 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында Түркия футболшыларымен кездеседі. Алматының орталық стадионында өтетін кездесу ертең Астана уақытымен сағат 22:00-де басталады.