Жозе бапкер көлік жүргізу куәлігінен жарты жылға айырылды

BAUKENTI ZHAQSYMBET Корреспондент
Жозе бапкер көлік жүргізу куәлігінен жарты жылға айырылды
Фото ©️ www.eurosport.ru

2014 жылдың қыркүйек айында орын алған тәртіп бұзушылықтан кейін «Челсидің» бас бапкеріне қатысты сот шешімі енді шықты. 80 км/сағ жылдамдықтан асыруға болмайтын жерден Моуринью 97 км/сағ жылдамдықпен өткен. Онымен қоса бапкер 1250 еуро көлемінде айыппұл да төлейтін болды.

БӨЛІСУ

Естеріңізге сала кетсек, осыдан біраз уақыт бұрын арнайы көлік жүргізу кұжатына екі рет тест тапсырып сүрінген «дортмундтық» ойыншы Ройс көлікті арнайы құжатсыз жүргізгені үшін көп мөлшерде айыппұл төлеген болатын. Енді Ройс үшінші рет қайта арнайы тест тапсырып көруге тырысуда.