Футзалдан Қазақстан құрамасының електік кезеңдегі қарсыласы анықталды

О Сансызбай Корреспондент
Футзалдан Қазақстан құрамасының електік кезеңдегі қарсыласы анықталды
Фото ©️ sport-express.ru

Футзалдан (шағын футбол) Қазақстан ұлттық құрамасының електік кезеңдегі қарсыласы анықталды. Швейцарияның Ньон қаласында өткен жеребе қорытындысы бойынша отандастарымыз Босния және Герцеговинамен бір жолдамаға таласатын болды.

БӨЛІСУ

Қазақстан құрамасы Румынияда өткен топтық кезеңде сәтті өнер көрсетті. Тек Португалия құрамасына қосымша көрсеткіштер бойынша есе жіберіп, топта екінші орын алған еді. Нәтижесінде електік кезеңде бір жолдамаға таласу мүмкіндігіне ие болған-ды.

Бүгін өткен жеребе қорытындысы бойыншы Қазақстанның қарсыласы Босния және Герцеговина құрамасы болды. Әлемдік рейтингте отандастарымыз 20-шы орында болса, қарсыластары 10 сатыға төмен. Бірінші ойын 15 қыркүйекте Босния және Герцеговина жерінде өтсе, қарымта кездесу Қазақстанда өтеді.

Айта кетейік, футзалдан 2016 жылғы Еуропа чемпионатын 2-13 ақпан аралығында Сербия астанасы Белград қабылдайды.