УЕФА аймақ кубогына қазақстандық төреші шақырту алды

О Сансызбай Корреспондент
УЕФА аймақ кубогына қазақстандық төреші шақырту алды
Фото ©️ kff.kz

26 маусым мен 4 шілде аралығында Ирландия астанасы Дублин қаласында УЕФА аймақ кубогының финалдық турнирі өтеді. Бұл турнирдегі ойындарға қазылық етуге шақырылған төрешілер қатарында ФИФА төрешісінің көмекшісі қазақстандық Санжар Ысқақов та бар.

БӨЛІСУ

Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша, Санжар Ысқақов ФИФА төрешісінің көмекшісі қызметін атқарады. 29 жастағы қостанайлық төрешінің УЕФА аясында жұмыс тәжірибесі бар. Ол осыған дейін Еуропа Лигасының іріктеу турнирінде «Зестафони» (Грузия) – «Спартак» (Словакия), «Войводина» (Сербия) – «Рапид» (Австрия) кездесулерінде қызмет атқарған. Сербия (2011) мен Нидерланд (2013) елінде өткен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде төрелік етті. Сонымен қатар, жастар арасындағы Еуропа чемпионатының аясындағы Сан-Марино – Грекия іріктеу ойынында жасыл алаңда төрелік еткен.

Айта кету керек, Санжар Ысқақов 2015 жылдың 17-20 мамыр аралығында УЕФА-ның ФИФА төрешілерінің көмекшілеріне ұйымдастырған Грекиядағы біліктілікті арттыру оқыту дәрісіне қатысып қайтқан болатын.