Зарина Дияс мансап жолында алғаш рет миллион долларға қол жеткізді

Мақпал Бисембаева Корреспондент
Зарина Дияс мансап жолында алғаш рет миллион долларға қол жеткізді
Фото ©️ tn.kz

Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Диястың мансап жолында алған жүлдесі миллион долларға жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. Ол алғашқы миллионды "Ролан Гаррос" турнирі арқылы тапты.

БӨЛІСУ

Қазақстандық теннисші турнирдің алғашқы айналымынан өтіп, екінші айналымда бельгиялық Элисон ван Эйтванкке қарсы өнер көрсетті. Екінші айналымның жүлде қоры 60 мың доллар болды. Осымен, Заринаның жүлде қоры 1 миллион 46 мың долларға жетті.

Еске сала кетейік, Зарина Дияс "Ролан Гаррос" турнирін екінші айналымнан тоқтатты. Қытайлық И Фань Сюй екеуі австралиялық Анастасия және Арина Родионовалардан жеңіліп қалды. Матч 7:6, 3:6, 6:7 есебімен австралиялықтардың пайдасына шешілді. Жекелей өнер көрсетуден Зарина бельгиялық Алисон Ван Эйтванктан жеңіліп қалған болатын. Айта кетейік, ол турнирді жеңіспен бастады. Алғашқы айналымда қазақстандық Германиядан келген Дина Пфиценмайерді жеңді. Матч 6:4, 6:1 есебімен аяқталды.