Станислас Вавринка «Ролан Гаррос» турнирінде топ жарды

О Сансызбай Корреспондент
Станислас Вавринка «Ролан Гаррос» турнирінде топ жарды
Фото ©️ eurocups-uefa.ru

Үлкен теннистен Франция ашық біріншілігі мәресіне жетті. Ерлер арасындағы шешуші ойында швейцариялық Станислас Вавринка әйгілі Новак Джоковичті жеңді.

БӨЛІСУ

2015 жылғы тартысты турнирдің ерлер арасындағы финалдық ойыны 3 сағат 15 минутқа созылды. Бірінші сетте ATP рейтингінде бірінші орында тұрған серб Новак Джокович жеңіске жеткенмен, кейінгі үш сетте де Станислас Вавринканың мерейі үстем болды. Кездесуде 6:4, 4:6, 3:6, 4:6 есебі тіркелді. Нәтижесінде швейцариялық теннисші спорттық мансабында алғаш рет «Ролан Гаррос» турнирінде топ жарды.

Айта кетейік, бүгін қазақстандық Ярослава Шведова жұптық кезеңнің финалында австралиялық Кейси Делаквамен бірге АҚШ теннисшісі Бетани Маттек-Сандс және чех Луция Шафаржова жұбынан жеңіліп қалған еді. Десе де қазақстандық және австралиялық теннисшілер жоғарғы деңгейде өнер көрсете білді.