Талдықорғанда бокстан ҚР IV жазғы Спартакиадасы басталды

О Сансызбай Корреспондент
Талдықорғанда бокстан ҚР IV жазғы Спартакиадасы басталды
Фото ©️ kfb.kz

Бүгін бокстан Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт сарайында ҚР Спартакиадасы шеңберінде ерлер арасында ел біріншілігі басталды. Жарысқа халықаралық турнирлерде ел намысын қорғап жүрген боксшылар да қатысуда.

БӨЛІСУ

Талдықорған шаршы алаңына еліміздің 14 облысы мен Астана және Алматы қалаларынан боксшылар келген. Барлығы 149 былғары қолғап шебері бақ сынамақ. Қостанай мен Солтүстік Қазақстан командалары жартылай құрамда келсе, өзге облыстар толық құрамда қатысуда. Кездесулерді «KazSport» арнасынан тамашалай аласыздар.

Талдықорғандағы додаға Рио Олимпиадасының жолдамасын иеленіп үлгерген Берік Әбдірахманов (60 келі), әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (75 келі), Дүниежүзілік Универсиаданың қола жүлдегері Жомарт Ержан (49 келі), әлем және Азия чемпионаттарының қола жүлдегері Ғани Жайлауов (64 келі), жасөспірімдер арасындағы Олимпиаданың күміс жүлдегері Вадим Казаков (81 келі) сынды боксшылар қатысуда. 

Назарларыңызға жарыстың бағдарламасы мен кестесін ұсынамыз.

21 мамыр

08.00 - 09.00 - Салмақ өлшеу (49,56,64,75,91 келі)

12.00 - 14.30 - Жарыстың басталуы (алдын-ала кездесулер)

15.00 - 16.00 - Ашылу салтанаты

16.00 - 23.00 - Жарыстың жалғасуы

22 мамыр

08.00 - 09.00 - Салмақ өлшеу (52,60,69,81,+91 келі)

12.00 - 16.00 - Жарыстың басталуы (алдын-ала кездесулер)

16.00 - 16.30 - Үзіліс

16.30 - 22.00 - Жарыстың жалғасуы

23 мамыр

08.00 - 09.00 - Салмақ өлшеу (49, 56, 69, 75, 91 келі)

14.00-19.00 - Жарыстың басталуы (ширек финал)

24 мамыр

08.00 - 09.00 - Салмақ өлшеу (52,60,69,81,+91 келі)

14.00-19.00 - Жарыстың басталуы (ширек финал)

25 мамыр

08.00 - 09.00 - Салмақ өлшеу

14.00-19.00 - Жарыстың басталуы (жартылай финал)

26 мамыр

08.00 - 09.00 - Салмақ өлшеу

12.00-15.00 - Финал, марапаттау рәсімі, жарыстың жабылу салтанаты

Айта кетейік, елімізде өтіп жатқан IV жазғы Спартакиаданың бағдарламасына 38 спорт түрі енгізілген. Оның 30-ы – Олимпиада ойындарының бағдарламасына кіретін спорт түрлері. Бүгінге дейін 11 спорт түрінен жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Жалпы командалық есепте әзірше Алматы, Астана және ОҚО құрамалары көш бастап келеді. Жабылу салтанаты 27 қыркүйекте Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде өтеді.