"Барселона" чемпионат аяқталардан үш тур бұрын екінші орынға көтерілді

Manas Корреспондент
Manas >
"Барселона" чемпионат аяқталардан үш тур бұрын екінші орынға көтерілді
Фото ©️ globallookpress.com

Каталондық "Барселона" Испания чемпионатының 35-турында "Реал Сосьедад" командасын ұтты. 
 
Барселонадағы "Олимпик Льюис Компанис" стадионында өткен кездесу алаң қожайындарының пайдасына 2:0 есебімен аяқталды. Каталондықтар сапынан Ламин Ямаль (40-минут) мен Рафинья (90+3 пенальтиден) гол салды.

БӨЛІСУ

"Барселона" Ла Лига аяқталғанға үш тур қалғанда 76 ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орынға көтерлілді. "Реал Сосьедад" (54) жетінші келеді.