Дәурен Елеусіновтің келесі қарсыласы белгілі болды

О Сансызбай Корреспондент
Дәурен Елеусіновтің келесі қарсыласы белгілі болды

2014 жылы кәсіпқой боксқа ауысқан отандасымыз Дәурен Елеусіновтың келесі қарсыласы анықталды. 28-жастағы қазақстандық боксшы 18-сәуір күні пуэрто-рикалық Хулио Гарсиямен жұдырық түйістіретін болды.

БӨЛІСУ

Дәуреннің қарсыласы атанған Хулио Гарсия осы уақытқа дейін кәсіпқой бокс шаршы алаңында 14 кездесу өткізіп, оның 6 кездесуінде жеңіске жетсе, 8 кездесуінде жеңіліп қалған. Ал Дәурен Елеусінов кәсіпқой бокстағы өзінің бірінші жекпе-жегін 3-желтоқсан күні АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Манхэттен BB King Blues Club & Grill спорт кешінде өткізіп, 21 жастағы америкалық Энтони Мэдденді ұтқан болатын.

Дәурен Елеусінов пен Хулио Гарсия арасындағы жекпе-жек АҚШ-тың Пенсильвания штатына қарайтын Воллей Фордж қаласында өтеді. Отандасымыз қазіргі таңда Нью-Йоркте оқу-жаттығу жиындарын өткізуде.

Айта кетейік, Дәурен Елеусінов бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Данияр Елеусіновтың ағасы. Әуесқой бокста 2001 жылы ел біріншілігінде алғаш рет шаршы алаңға көтерілген. Қазіргі таңда қазақстандық былғары қолғап шеберінің еншісінде халықаралық және құрлықтық жарыстардан иеленген бірнеше атақтары бар. Сондай-ақ, 2005 жылы Қазақстан чемпионы атанса, 2009 жылы Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алған.

Cурет: vk.com