Юрий Красножан ұлттық құрамаға ойыншыларды шақырды

О Сансызбай Корреспондент
Юрий Красножан ұлттық құрамаға ойыншыларды шақырды

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Юрий Красножан ойыншылардың кеңейтілген құрамын жариялады. Бұл туралы ҚФФ ресми сайты хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

Қазақстан ұлттық құрамасы 23 наурызда Астанада жиналып, 2016 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Исландиямен өтетін ойынға және Ресей құрамасына қарсы жолдастық кездесуге дайындықтарын бастайды.

Юрий Красножан шақырған құрамда жақында ғана Қазақстан құрамасының ойыншысы атанған Александр Меркель де бар.

Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер құрамы келесі футболшыларды шақырды:

Қақпашылар: Владимир Логиновский (Астана), Владимир Плотников (Қайрат), Стас Покатилов (Ақтөбе), Ненад Эрич (Астана)

Қорғаушылар: Ренат Абдулин (Ордабасы), Елдос Ахметов (Астана), Абзал Бейсебеков (Астана), Илья Воротников (Тараз), Марк Гурман (Қайрат), Ермек Қуантаев (Қайрат), Юрий Логвиненко (Ақтөбе), Сергей Малый (Ордабасы), Гафуржан Сүйімбаев (Ордабасы), Дмитрий Шомко (Астана), Константин Энгель (Ингольштадт, Германия).

Жартылай қорғаушылар: Аслан Дарабаев (Қайрат), Бауыржан Жолшиев (Астана), Георгий Жуков (Астана), Бауыржан Исламхан (Қайрат), Ұлан Қонысбаев (Астана), Александр Меркель (Грассхоппер, Швейцария), Азат Нұрғалиев (Ордабасы), Самат Смақов (Ертіс), Асхат Тағыберген (Ақтөбе).

Шабуылшылар: Тоқтар Жаңғылышбай (Астана), Дәуренбек Тәжімбетов (Ордабасы), Сергей Хижниченко (Ақтөбе), Алексей Щеткин (Астана).

Ұлттық құраманың негізгі ойыншыларының жарақаты ескеріліп, сонымен қатар, алда өтетін премьер-лиганың төртінші тур ойындарына байланысты келесі футболшылар қосымша тізімге енгізілді.  Олар - қақпашы Андрей Сидельников, қорғаушы Виктор Дмитренко (Ақтөбе), жартылай қорғаушылар Бауыржан Байтана (Қайрат), Тимур Досмағамбетов (Тараз), Жақып Қожамберді (Тараз), Станислав Лунин (Қайрат) жәнешабуылшылар Роман Мұртазаев (Шахтер) пен Таңат Нөсербаев (Астана).

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының Исландияға қарсы ойыны 28 наурыз күні елордадағы «Астана-Арена» стадионында өтсе, 31 наурызда қазақстандық футболшылар «Арена Химки» стадионында Ресей құрамасымен кездеседі.

Cурет: kff.kz

Оқи отырыңыз

Немістерден қандай жеңіс күтеміз?

Бауыржан Исламханның өмірлік ұстанымдары

Александр Меркель Қазақстан құрамасы сапында ойнайтын болды

Қазақстанның ФИФА рейтингіндегі көрсеткіші қашан түзеледі?