Алексей Полторанин «Тур де Скидің» кезекті кезеңінде күміс еншіледі

О Сансызбай Корреспондент
Алексей Полторанин «Тур де Скидің» кезекті кезеңінде күміс еншіледі

Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин Италияның Валь-ди-Фьиемме қаласында өткен «Тур де Ски» додасының кезекті кезеңінде күміс жүлде еншіледі. Ол 15 шақырымды классикалық әдіспен жүріп өтуде неміс спортшысы Тим Чарнкпен мәрені бір мезетте қиды.

БӨЛІСУ

Алексей Полторанинді алтын медальдан өте аз уақыт қана айырды. Тим Чарнк 15 шақырымды 46,48,8.2 уақыт көрсеткішімен бағындырса, отандасымыз одан 0,0.3 уақытқа ғана кешікті. Ал қола жүлде швейцариялық спортшы Дарио Колоньяға бұйырды.

Естеріңізге сала кетсек, Алексей Полторанин Италияның Тоблах қаласында өткен «Тур де Ски» додасының 10 шақырымды классикалық әдіспен жүріп өту сынында бірінші келген болатын.

Сурет: centralasiaonline.com