Алексей Полторанин 10 шақырымды классикалық әдіспен жүруде топ жарды

О Сансызбай Корреспондент
Алексей Полторанин 10 шақырымды классикалық әдіспен жүруде топ жарды

Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин Италияның Тоблах қаласында өтіп жатқан әлем кубогы аясындағы «Тур де Ски» додасында 10 шақырымды классикалық әдіспен жүріп өтуде жеңімпаз атанды.

БӨЛІСУ

Ел намысын қорғаған отандасымыз аталған қашықтықты 22 минут 51,8 секундта бағындырды. Ал күміс медальды еншілеген ресейлік Евгений Белов болса Алексейден жарты секундқа ұтылды. Қола жүлдегер норвег Мартин Сундвю болса жерлесімізден 4,2 секундқа қалып қойды.

Айта кетейік, бұл жетістік - Алексей Полтораниннің «Тур де Ски» додасының жаңа маусымындағы бірінші жеңісі. Осыған дейінгі кезеңдерде отандасымыз жүлделі орындардан көріне алмаған еді.

Сурет: m.vesti.kz